Бақылау тақтасын қолдану

Бақылау тақтасы ақпаратты графикалық түрде ұсыну арқылы ұйымның желісіндегі қауіпсіздік күйін бақылауға мүмкіндік береді.

Бақылау тақтасы Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасында Бақылау және есеп беруБақылау тақтасы бөлімінде қолжетімді.

Бақылау тақтасында конфигурацияланатын веб-виджеттер бар. Сіз дөңгелек диаграммалар, кестелер, графиктер, гистограммалар және тізімдер түрінде ұсынылған көптеген веб-виджеттерді таңдай аласыз. Веб-виджеттерде көрсетілген ақпарат автоматты түрде жаңартылады, жаңарту кезеңі бір-екі минутты құрайды. Жаңартулар арасындағы уақыт аралығы веб-виджет түріне байланысты өзгереді. Веб-виджет деректерін кез келген уақытта мәзір арқылы қолмен жаңартуға болады.

Әдепкі бойынша, веб-виджеттер Басқару сервері дерекқорында сақталатын оқиғалар туралы ақпаратты қамтиды.

Әдепкі бойынша, Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасы келесі санаттарға арналған веб-виджеттер жиынтығына ие:

Кейбір веб-виджеттерде сілтемелі мәтін бар. Толық ақпаратты көру үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Бақылау тақтасын конфигурациялау кезінде қажетті веб-виджеттерді қосуға, веб-виджеттерді жасыруға, сондай-ақ веб-виджеттердің сыртқы түрін немесе өлшемін өзгертуге, веб-виджеттерді жылжытуға және веб-виджеттердің параметрлерін өзгертуге болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін орнату және бастапқы конфигурациялау

Сценарий: Мониторинг және есептер

Басына оралу